Мариуполь қаласын қорғаған әлем чемпионы мерт болды

Мариуполь қаласын қорғаған әлем чемпионы мерт болды

Мариуполь қаласын қорғаған әлем чемпионы мерт болды
ашық дереккөзі
Кикбоксингтен әлем чемпионы, украиналық спортшы Максим Кагал Украинаның Мариуполь қаласын қорғау кезінде көз жұмды деп жазды turkystan.kz sport.ua-ға сілтеме жасап. Максим Кагал «Азов» арнайы мақсаттағы жасағының құрамында Отанын қорғаған болатын.
«Ұйқың тыныш, жатқан жерің жайлы болсын, бауырым! Біз сен үшін олардан әлі кек аламыз» деп жазды Максимнің бапкері Олег Скирт әлеуметтік желіде.
Айта кетсек, Максим Кагал - Украина құрама командасының ересектер арасында кикбоксинг ISKA бойынша бірінші әлем чемпионы.