2016 жылғы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды

2016 жылғы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды

2016 жылғы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды
ашық дереккөзі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлығына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.   Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1.  Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы: 1) авторлар ұжымына: Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке, Сағындық Смаилұлы Жамболатовқа, Мұрат Амангелдіұлы Мансұровқа, Нұрлан Аманұлы Далбайға - «Мәңгілік Ел» монументі үшін; 2) жазушы Бексұлтан Нұржекеевке - «Әй, дүние-ай» романы үшін; 3) авторлар ұжымына: Досхан Қалиұлы Жолжақсыновқа, Рустам Одинаевқа, Айдос Жұмаділдіұлы Бектемірге, Нұрсифат Рахымбайқызы Салықоваға - «Құнанбай» толық метражды көркем фильмі үшін; 4) суретші Камиль Муллашевқа - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тарту» жұмыстар циклі үшін берілсін. 2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының         Президенті                                                                 Н.Назарбаев