«КХДР қуатты соққы әлеуетін дамытуды жалғастырады» – Ким Чен Ын

«КХДР қуатты соққы әлеуетін дамытуды жалғастырады» – Ким Чен Ын

«КХДР қуатты соққы әлеуетін дамытуды жалғастырады» – Ким Чен Ын
ашық дереккөзі
Корей халық демократиялық республикасының (КХДР) басшысы Ким Чен Ын өз елі қуатты соққы әлеуетін дамытуды жалғастыратынын мәлімдеді деп жазды turkystan.kz ЦТАК агенттігіне сілтеме жасап. ЦТАК мәліметі бойынша, Ким Чен Ын бұл мәлімдемені «Хвасон-17» континентаралық жаңа баллистикалық зымыранын сәтті сынауға үлес қосқан әскерилер мен ғалымдармен кездесу барысында жасады. Хабарламада айтылғандай, Ким Чен Ын КХДР елдің қорғаныс қабілетін нығайтуды және Корей халық армиясының қарулануына мүмкіндік беретін күшті шабуыл қаруын құруды көздейтін өз мақсатына жету үшін барын салатынын атап айтқан. 26 наурызда Солтүстік Кореяның орталық «Нодон синмун» газетінің жазуынша, 24 наурызда КХДР-дің «Хвасон-17» құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізуі ел Үкіметі мен халқының үлкен жеңісіне айналды. ЦТАК агенттігі 25 Наурызда КХДР Ким Чен Ынның тікелей бұйрығымен «Хвасон-17»-ні сынақтан өткізгенін растады. Солтүстік Корея тарапының мәліметінше, зымыран шамамен 1090 шақырымға ұшса, ал максималды ұшу биіктігі 6248 шақырымды құрады. Құрлықаралық баллистикалық зымыран 68 минут ауада болды. Содан кейін ол Жапон теңізіндегі шартты нысанаға тиді. Жапония Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, зымыран елдің айрықша экономикалық аймағына (Осима түбегінен батысқа қарай 150 шақырым) түскен.