Полиция бір аптада 12 кісі өлімін анықтаған

Полиция бір аптада 12 кісі өлімін анықтаған

Полиция бір аптада 12 кісі өлімін анықтаған
ашық дереккөзі
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде айтылды деп хабарлады turkystan.kz.
«Бір апта ішінде 2621 қылмыс жасалған, оның 1729-ы тәулік ішінде анықталған. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 12 кісі өлтіруге, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіруге, 3 қарақшылыққа, 4 тонауға және 431 мүлік ұрлауға қатысты қылмыстарды ашқан», - деді модератор Шұғыла Тұрлыбек.
Сонымен қатар ол полиция қызметкерлері мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін айтып өтті.
«Қызметтік борышын орындаумен қатар, барлық өңірде полицейлер өз қамқорлығындағылармен кездесіп, оларды құттықтады. Мәселен, Маңғыстау облысында тәртіп сақшылары полиция есебінде тұрған әйелдің отбасына көмек көрсетті. Ал Шымкент қаласының полицейлері қиын жағдайға тап болған көпбалалы отбасына сыйлықтар табыстады. Қызылорда полицейлері облыстық психикалық денсаулық орталығының пациенттерімен кездесу өткізіп, есірткі заттарының теріс әсері туралы айтты. Алматы және Түркістан облыстық Полиция департаменттерінің қызметкерлері балалар үйіне, сондай-ақ қарттар үйіне барып, сыйлықтар табыс етті», - деді ол.