Түркияға 60 мыңға жуық украиналық көшіп келген

Түркияға 60 мыңға жуық украиналық көшіп келген

Түркияға 60 мыңға жуық украиналық көшіп келген
ашық дереккөзі
Соғыс басталғалы Украина халқы жан-жаққа босып кетті. 3 жарым миллионнан астам адам өзге елге бас сауғалап, 10 миллионы басқа жаққа қоныс аударған деп хабарлады turkystan.kz. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары украиналық босқындар жайлы ақпарат таратты. Шетел асқан украиналықтардың көбі көршілес Польша, Румыния, Словакия, Венгрия мен Молдова мемлекеттерін паналаған. Түркияға да табан тірегендер бар. Таяу шығыстағы босқындарды қабылдау бойынша Түркия көш бастап тұр. Түрік еліне бір айда 60 мыңға жуық украиналық келген. Бұл - көршілес елдермен салыстырғанда азырақ. Өйткені Еуропадағыдай Түркияда украиналықтарды қолдауға бағытталған арнайы бағдарлама жоқ. Дегенмен, Анадолы жері - Украинадағы жағдай салдарынан бассауғалап келгендер үшін ашық.
«Украинада соғыс басталғалы Түркияға 58 мың Украина азаматы келді. Оның 30 мыңға жуығы құрлық жолымен, яғни, Эдирне мен Кыркларели қақпасынан кірді. Олардың мыңнан астамы - месхет түріктері мен Қырым татарлары», - деді Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу.