ҰБТ-ны бағалау жүйесіне өзгерістер енеді

ҰБТ-ны бағалау жүйесіне өзгерістер енеді

ҰБТ-ны бағалау жүйесіне өзгерістер енеді
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ-ға өзгерістер енетінін айтты деп хабарлады turkystan.kz. Министр тест арқылы ғана дайындау және әкімдіктердің облыс рейтингіне ықпал ету әрекеттері тоқтатылғанын айтты.
«Қазір қабылданған шешім өз рөлін атқарғанын, педагогтар мен мектептерге түсетін жүктемені азайтқанын көріп отырмыз. Яғни оқушылар ҰБТ-ға электронды форматта өз бетінше өтініш берді және оларды ҰБТ-дан шеттету, сондай-ақ тек тест арқылы ғана дайындау және әкімдіктердің облыс рейтингіне ықпал ету әрекеттері тоқтатылды» деп жазды Аймағамбетов.
ҰБТ-ның электронды форматқа көшуі тестілеуге тақырыптық талдау жасауға мүмкіндік береді.
«Енді ҰБТ қорытындысы бойынша әр мектеп, облыс, тіпті пән бойынша талдау жасап, оны мектептердің жұмысын бағалау үшін пайдалануға шешім шығардық. Электронды форматқа көшу енді тестілеуге тақырыптық талдау жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жаңалықты біз наурыз айындағы ҰБТ кезінде пилоттық режимде енгіздік», - деді министр.