Ақтауда бір дөңгелегі жоқ автобус жолаушыларды тасымалдаған (ВИДЕО)

Ақтауда бір дөңгелегі жоқ автобус жолаушыларды тасымалдаған (ВИДЕО)

Ақтауда бір дөңгелегі жоқ автобус жолаушыларды тасымалдаған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ақтауда артқы бір дөңгелексіз жүрген №104 автобус қала тұрғындарының назарын аударды деп жазды turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап. Бір дөңгелегі жоқ автобустың жолаушыларды тасымалдаған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Полиция департаменті жүргізушінің жеке тұлғасы анықталғанын хабарлады. Көлікті пайдалану ережесін бұзғаны үшін оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі 590-бабының 10-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Бұл құқықбұзушылық үшін 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 61 260 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Техникалық ақауы бар автобусты пайдаланғаны үшін жауапты тұлғаларға ҚР ӘҚБтК 617-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылады. Бұл жаза лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 10, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады.