Қызылордада жоғалған қыздан алты күннен бері хабар жоқ

Қызылордада жоғалған қыздан алты күннен бері хабар жоқ

Қызылордада жоғалған қыздан алты күннен бері хабар жоқ
ашық дереккөзі
Қызылорда қаласында бір апта бұрын бойжеткен ұшты-күйлі жоғалып кеткен болатын. Іздеу шаралары әлі де нәтиже берген жоқ деп жазды turkystan.kz. 17 жастағы Айдана Тұралы 21 наурызда кешкі 20.00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған.
«Қала тұрғынының жоғалуына байланысты қалалық Полиция басқармасы іздеу салады. Бойжеткеннің ерекше белгілері: бойы – 1,60-1,65 сантиметр, орта денелі, шашы қысқа, қара түсті. Кәмелет жасына толмаған бойжеткен туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәліметті білсеңіз, 8 (7242)-29-75-20 немесе «102» арнасы нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз», - деп мәлімдеді Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан.