Әзербайжан Ресейдің өтінішін қабылдамады

Әзербайжан Ресейдің өтінішін қабылдамады

Әзербайжан Ресейдің өтінішін қабылдамады
ашық дереккөзі
Әзербайжан Қорғаныс министрлігі үшжақты келісімнің шарттарын бұзғанын жоққа шығарып, Ресейдің Таулы Қарабақтан әскерді алып кету туралы өтінішін қабылдамады деп хабарлады turkystan.kz. Әзербайжан 2020 жылғы қарашадағы үшжақты келісімді ұстанатынын, оның ережелерін бұзбағанын айтты. Сондай-ақ осы елдің Қорғаныс ведомствосы Ресейді үшжақты мәлімдеменің ережелеріне сәйкес, Таулы Қарабақтан заңсыз армян қарулы құрамаларының толық шығарылуын қамтамасыз етуге шақырды. Мәлімдеменің соңында Әзербайжан Ресейден бұдан әрі Таулы Қарабақ деген сөз тіркесін пайдаланбауды және өз территорияларының атауын дұрыс көрсетуді сұрады. Тағы оқи отырыңыз: Әзербайжан Ресейдің біржақты мәлімдемесіне наразылық білдірді