Бұрымды боксшылардың онлайн ерегісінің бітетін түрі жоқ

Бұрымды боксшылардың онлайн ерегісінің бітетін түрі жоқ

Бұрымды боксшылардың онлайн ерегісінің бітетін түрі жоқ
ашық дереккөзі
Боксшылар Назым Қызайбай мен Ангелина Лукастың Қазақстан ұлттық құрама командасының сапында жүргенде басталған ұрыс-керістері, ерегісі әлі басылмай отыр деп хабарлады turkystan.kz. Екеуі де бір-біріне көрінбей, онлайн ерегісіп жатыр. Ангелина Лукас Назым Қызайбайды профи-рингте жекпе-жекке шақырды.
«Жекпе-жек үш раунд емес, он раунд болу керек. Нағыз кәсіби шайқас. Асыға күтемін», - деді ол.
Қызайбай, көп ұзамай, жекпе-жекке дайын екенін айтты.
«Мен 12 раундқа дайынмын. Менің талабым - жекпе-жек алдында және өткеннен кейін допингке қарсы сынама тапсыру. Гоооу, ұйымдастырыңыздар», - деп жазды ол өзінің Instagram-дағы парақшасындағы сторисінде.