Арқалық- Державинск тас жолында 20 бала боранда қалып қойды

Арқалық- Державинск тас жолында 20 бала боранда қалып қойды

Арқалық- Державинск тас жолында 20 бала боранда қалып қойды
ашық дереккөзі
Қостанай облысында қарлы боран әлі күшіне мініп тұр. Қолайсыз ауа райының кесірінен Арқалық-Державинск тас жолында 99 адам, оның ішінде 20 бала мінген автобус қарлы боранда тұрып қалды деп хабарлады turkystan.kz. Бір қуаныштысы, адамдар жақын маңдағы елді мекендерге көшірілді. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша,  50 адам Фурманово ауылындағы жылу пункті, жергілікті мектеп пен туыстарының  үйлеріне, 49 адам Арқалық қаласына орналастырылды. Бір тәулікте құтқарушылар 175 адамды құтқарып, 2 науқасты эвакуациялады. Сонымен бірге баспасөз қызметі Қостанай-Жолдама тас жолында Дәмді ауылының маңында қар құрсауынан 14 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылып, Үштоғай ауылына жеткізілгенін хабарлады. Тағы 57 адам Арқалық-Амантоғай тас жолының Мирное ауылына жақын бөлігінде қар құрсауында болған. Сағат 21.25-те құтқарылған 57 адам Арқалық қаласына жеткізілді. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты ферма жұмысшысы ауруханаға жатқызылды.