Әзербайжан Ресейдің біржақты мәлімдемесіне наразылық білдірді

Әзербайжан Ресейдің біржақты мәлімдемесіне наразылық білдірді

Әзербайжан Ресейдің біржақты мәлімдемесіне наразылық білдірді
ашық дереккөзі
Әзербайжан аумағындағы Таулы Қарабақта сепаратистер араңдатуды қайта бастады. Олар әскери жағдай енгізу туралы шешім қабылдады деп хабарлады turkystan.kz. Бұған дейін Ресей Қорғаныс министрлігі Әзербайжан қарулы күштерінің Ресей бітімгерлерінің қарауындағы жерге кіргенін айтып, «Әзербайжан ұшқышсыз «Байрактар» аппаратымен Фуррух елдімекеніне төрт соққы берді» деп хабарлаған еді. Осыдан кейін Ресей Әзербайжанға әскерін алып кетуге, екі тарапты ұстамдылыққа шақырды. Ал Әзербайжан Ресей Қорғаныс министрлігінің біржақты мәлімдеме жасап отырғанын мәлімдеді.
«26 наурызда таңертең Армения әскері Әзербайжан әскеріне диверсия жасағысы келді», - делінген хабарламада.
Әзербайжан  Қорғаныс министрлігінің айтуынша,  Таулы Қарабақта Армения әскері мен өздерін-өздері жариялаған «республиканың» заңсыз қарулы күштері бар. Бұл жер ешқандай жеке-дара құрылым емес, ол - Әзербайжанның аумағы. Тағы оқи отырыңыз: Әзербайжан әскері Қарабақтағы жерлерін қайтарып жатыр