Бір тәулікте пневмониядан бір адам қайтыс болды

Бір тәулікте пневмониядан бір адам қайтыс болды

Бір тәулікте пневмониядан бір адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
Елімізде бір тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан бір адам қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, 27 наурыздағы есеп бойынша, 4 424 адам коронавирус инфекциясынан (3 396 КВИ+ және 1 028 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 466 пациент стационарда, 3 958 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 43 адамның жағдайы ауыр, 8 пациенттің жағдайы өте ауыр, 10 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр. Қазақстанда кейінгі тәулікте 23 адамнан коронавирус анықталды. 229 адам коронавирустан емделіп шықты.