Жаңалықтар

Польшаның генералы Калининградты қайтаруды талап етті

ашық дереккөзі

Польшаның генералы Калининградты қайтаруды талап етті

Польшаның генералы Вальдемар Скшыпчак Ресейден Калининград облысын қайтаруды талап етті деп хабарлады turkystan.kz. Ол Ресейдің аймақты 1945 жылы күшпен басып алғанын, сондықтан оккупациялық саясатты тоқтатып, Калининград облысын Польшаға қайтарудың уақыты келгенін айтты. «Украинаға басып кірген Путиннің есіне салғым келеді. Калининград облысы тарихи тұрғыда Польшаға тиесілі. Бұл жерді Ресей бізден тартып алған. Біз осы территорияны даулайтын құқымыз бар. Калининград - Ресей оккупациясындағы аймақ», - деді генерал Скшыпчак.