Алматыда жылқылар автобуспен жүреді (ФОТО, ВИДЕО)

Алматыда жылқылар автобуспен жүреді (ФОТО, ВИДЕО)

Алматыда жылқылар автобуспен жүреді (ФОТО, ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматыда автобуста жылқыны тасыған адамға айыппұл салынды деп хабарлады turkystan.kz. Желіде бейнежазба шыққан бойда жылқының иесі мен автобустың жүргізушісі сынға ұшырады. Кейбір адамдар жылқының темір тұлпармен жүргеніне түсіністікпен қарап та жатыр.
«Мұны қалай түсіндіруге болады? Алматылық тұрғынның әрекетін түсіндіре алатын ақылдылар бар ма? Адам тасымалдауға арналған автобуста жылқыны тасуға болмайды деген заң керек шығар. Ондай заң жобасы болса, «ит пен мысыққа рұқсат бар да, ат тасымалына неге шектеу?» деген петиция басталатын шығар», - деп белгілі журналист Бибігүл Жексенбай сыни пікір жазса, оның Ержан Жаубай деген әріптесі: «Ер екен! Автобуста «жылқы тасымалдауға болмайды»  деген ереже жоқ қой. Баяғыда көрші ауылда клубқа атпен кіретін ата бар деп естуші едік», - деп пікірін қалдырған.
 width=