Бір ай бұрын із-түзсіз жоғалған аяғы ауыр келіншекке халықарлық іздеу жарияланды

Бір ай бұрын із-түзсіз жоғалған аяғы ауыр келіншекке халықарлық іздеу жарияланды

Бір ай бұрын із-түзсіз жоғалған аяғы ауыр келіншекке халықарлық іздеу жарияланды
ашық дереккөзі
Түркістан облысының тумасы Назым Алдаш есімді келіншекті бір айдан астам уақыт ата-анасы мен туған-туыстары іздеп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Otyrar.kz порталына сілтеме жасап. Ол  былтыр қазан айында Алматыға кетіп бара жатқанда Facebook әлеуметтік желісінде бір жігітпен танысып, соның үйіне барғанда ғана хабарласа алған. Сол кезде ол анасына жылап, тұрмысқа шығуға ниеті жоқтығын айтып, өзін алып кетуін өтінген. Ал туыстары іздеп келгенде, Назым бұл ойынан бас тартатынын айтқан. Содан 3 айдан кейін анасы қызын көруге келгенде оның соққыға жығылғанын көріп, аяғы ауыр баласын үйлеріне алып кетеді. Одан кейін жігіт келіншектің соңына түсіп, тыныштық бермей қойған. Ал 22 ақпанда Назым Түркістан облысының Сауран ауданындағы үйінен шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Назымның әпкесі Сәрсенкүл Сариеваның айтуынша, оны азаматтық күйеуі ұрлап, күшпен бір жерде ұстап отыруы мүмкін. Назымның туыстары оны көрген адам болса хабарласуды сұрайды.
«Қазір кез келген ақпарат аса маңызды», - дейді Сәрсенкүл Сариева.
Қазір осы оқиғаға байланысты Түркістан облысының полицейлері Назымның баруы мүмкін жерлерге барып, іздеп жатыр. Олар келіп түскен мәліметтерді қарап, Жаңақорған ауданы, Тараз, Шымкент, Алматы қалаларына іссапармен шығып, іздестіруде. Сондай-ақ, Назым Алдашқа халықаралық іздеу жарияланды. Полицейлерге көмектесу үшін еріктілер де тартылып отыр.
«Назым Бағдатқызын аман-есен тауып, оны отбасына қайтару үшін танитын, не болмаса көрген-білген адамдар болса, тез арада полицияға хабарласуларын сұраймыз. Арнайы белгілері: бойы 165-168 см, орта денелі, мойын тұсында қалы бар. Іздеу жарияланған келіншек туралы қандай да бір ақпарат болса, Сауран АПБ-ның кезекші бөліміне 8 725 33 5 86 50, 8 747 008 74 80 немесе полицияның 102 нөміріне хабарласыңыздар», - делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.