Қарағанды облысында баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан шығарылып, тергеу басталды (ВИДЕО)

Қарағанды облысында баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан шығарылып, тергеу басталды (ВИДЕО)

Қарағанды облысында баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан шығарылып, тергеу басталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қарағанды облысы Абай қаласындағы 550 орынға арналған «Әдемі» балабақшасында баланы тұмсығынан ұрған тәрбиеші жұмыстан шығарылып, тергеу басталды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл бейнежазба әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. «Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алдын ала тергеу жұмыстары барысында полиция қызметкерлерімен 20 жастағы күдікті анықталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.