Сәбит Әбдіхалықов бұрынғы зайыбы Иманбаеваны ұзатқысы келеді
Сәбит Әбдіхалықов бұрынғы зайыбы Иманбаеваны ұзатқысы келеді
Сәбит Әбдіхалықов экс-зайыбы Айгүл Иманбаеваны ұзатпақ ниетте деп жазды turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл жайында ол Айгүл Иманбаеваның туған күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шара кезінде айтқан.
Сәбит Әбдіхалықовтың тойда тілек айтқан сәті әлеуметтік желіде тарап кетті.
«Біз өмірден өткеннен кейін де біздің тарихымыз, ұрпағымыз жалғасады. Сол үшін аман бол. Құдай қаласа, баламыздың қуанышын көріп, үйлендірейік. Оған дейін амандық болса, мен сені қолдан ұзатып жіберейін», — деді ол.
Көпшілік олардың сыйластығына қайран қалды.
«Айгүл мен Сәбит күшті сыйластықта қалған. Айгүл Сәбиттің ауылдағы ата-анасымен де жақсы қарым-қатынаста», «Ортада ұлдары бар, сыйластықта қалғандары дұрыс», «Осындай сыйластықта болу үлкен ақылдылық. Тәнті болдым» деп пікір білдірді желі қолданушылары.
Тағы оқи отырыңыз: Ерке Есмахан Бибігүл Төлегенованың образын қайталады (ВИДЕО)