Діни экстремизм үшін сотталғандар Наурыз мерекесін тойлады

Діни экстремизм үшін сотталғандар Наурыз мерекесін тойлады

Діни экстремизм үшін сотталғандар Наурыз мерекесін тойлады
ашық дереккөзі
24-25 наурыз күндері «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» Павлодардағы колонияларда Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шаралар мен сотталушылар арасында шығармашылық байқау ұйымдастырды деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жазасын өтеушілердің байқауға ұсынған жұмыстарынан кешегі деструктивті діни ағымдардың жақтаушылары бұрынғы радикалды идеялардан бас тартатынын көруге болады. Мысалы, бұған дейін оларға адамдарды, музыкалық аспаптарды бейнелеуге тыйым салынған, олар халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қабылдамаған. Ұсынылған жұмыстардан біз ұлттық костюмдердегі адамдарды, ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлердің суреттерін көрдік, - деп жазылған хабарламада.
Мерекелік іс-шараларға қатысушылар үшін арнайы дастарқан жайылып, олар байқауға қатысқаны үшін сыйлықтар берілді.