Жаңалықтар

Діни экстремизм үшін сотталғандар Наурыз мерекесін тойлады

ашық дереккөзі

Діни экстремизм үшін сотталғандар Наурыз мерекесін тойлады

24-25 наурыз күндері «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» Павлодардағы колонияларда Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шаралар мен сотталушылар арасында шығармашылық байқау ұйымдастырды деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. - Жазасын өтеушілердің байқауға ұсынған жұмыстарынан кешегі деструктивті діни ағымдардың жақтаушылары бұрынғы радикалды идеялардан бас тартатынын көруге болады. Мысалы, бұған дейін оларға адамдарды, музыкалық аспаптарды бейнелеуге тыйым салынған, олар халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қабылдамаған. Ұсынылған жұмыстардан біз ұлттық костюмдердегі адамдарды, ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлердің суреттерін көрдік, - деп жазылған хабарламада. Мерекелік іс-шараларға қатысушылар үшін арнайы дастарқан жайылып, олар байқауға қатысқаны үшін сыйлықтар берілді.