«Теміржолға жұмысқа тұрғызамын»: танысынан 1 млн теңге алып кеткен әйел ұсталды

«Теміржолға жұмысқа тұрғызамын»: танысынан 1 млн теңге алып кеткен әйел ұсталды

«Теміржолға жұмысқа тұрғызамын»: танысынан 1 млн теңге алып кеткен әйел ұсталды
ашық дереккөзі
18 наурыз күні Арал ауданының тұрғыны былтыр «Қазақстан Темір Жолы АҚ-на жұмысқа тұрғызып беремін» деген желеумен 1 млн теңгеден астам ақшасын алдап алған танысының үстінен шағымданды деп хабарлады turkystan.kz «Сыр бойы» басылымына сілтеме жасап. Ол Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөліміне арызданған. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде 35 жастағы азаматша анықталып, ұсталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Тағы оқи отырыңыз: Каспий теңізінде қайыққа есірткі жасырған шетелдіктер ұсталды