Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты апелляциялық шағым қаралып жатыр

Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты апелляциялық шағым қаралып жатыр

Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты апелляциялық шағым қаралып жатыр
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілерде Заманбек Нұрқаділовтің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қайта тергелетіні туралы ақпарат пайда болды. Осыған байланысты Бас прокуратура пікір білдірді деп жазды turkystan.kz.
«Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның Заманбек Нұрқаділовтің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді қайта бастағаны туралы ақпарат таратылуда. Бас прокуратура бұл мәліметтер шындыққа жанаспайтынын хабарлайды» деп жазылған Бас прокуратура баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ белгілі қазақстандық саяси және қоғам қайраткерінің ұлы Қайрат Нұрқаділовтің үндеуі қазіргі уақытта ведомствода қаралып жатқаны белгілі болды. Тағы оқи отырыңыз: Қайрат Нұрқаділов әкесі мен Мақпал Жүнісованың жинаған байлығын айтты