Каспий теңізінде қайыққа есірткі жасырған шетелдіктер ұсталды

Каспий теңізінде қайыққа есірткі жасырған шетелдіктер ұсталды

Каспий теңізінде қайыққа есірткі жасырған шетелдіктер ұсталды
ашық дереккөзі
Екі шетел азаматы мінген шағын кеме Каспий теңізінде ұсталды деп хабарлады turkystan.kz  ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2021 жылғы қазанда Шекара қызметі мен ҰҚК-ның Маңғыстау облысы бойынша департаменті Каспий теңізі су айлағындағы бірлескен іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін екі шетел азаматы мінген «Амур» типті шағын кемені ұстады» деп жазылған хабарламада.

Жүзу құралын тексеру барысында салмағы 14 келі «апиын», 8 келі «гашиш» және «метадон» психотроптық затының 29 пластинасы табылған.

2021 жылғы желтоқсанда ұсталғандардың бірі 392-баптың 1-бөлігі («Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту») бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге Қазақстан аумағынан шығарылған және 6 айға бас бостандығынан айырылған.

2022 жылғы 10 наурызда мамандандырылған ауданаралық сот екінші шетелдік азаматты Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп таныған. Оған жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтей отырып, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.

Тағы оқи отырыңыз: Түркияда 16 жастағы қазақстандық велошабандоз қаза тапты