Алматы облысында жоғалған әйелдің жансыз денесі табылды

Алматы облысында жоғалған әйелдің жансыз денесі табылды

Алматы облысында жоғалған әйелдің жансыз денесі табылды
ашық дереккөзі
Полиция қызметкерлері Алматы облысында жоғалған 25 жастағы әйелдің мәйітін тауып, күдіктіні ұстады деп хабарлады turkystan.kz. Қайғылы оқиға Алматы облысының Ақшатоған ауылында болған. 7 наурызда әйел із-түзсіз жоғалып кетті. Оның жоғалғаны туралы арыз 9 наурызда аудандық полицияға келіп түскен. Бірақ іздеуден нәтиже болмаған. 24 наурызда оның бұрынғы күйеуі кісі өлтірді деген күдікпен жауапқа алынып, кейін қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Тергеудің алдын-ала нұсқасы бойынша, ер адам бұрынғы әйелін қызғаныштан тұншықтырып өлтірген. Оның денесі ауыл шетінен табылды. Күдікті әйелімен ажырасып, Талдықорғанда тұрған. Олардың ортақ баласы бар. Сондықтан күдікті арасында баласын көруге келіп жүргенін айтқан. 7 наурыз күні ол кездесуге мас күйінде келіп, бұрынғы әйелімен жанжалдасқан. Мұның соңы кісі өлтірумен аяқталды. Қазір күдікті қамауда отыр. Оған қатысты ҚР ҚК 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша тергеу жүргізілуде.