Мүмкіндігі шектеулі жанның арызы аяқсыз қалмады

Мүмкіндігі шектеулі жанның арызы аяқсыз қалмады

Мүмкіндігі шектеулі жанның арызы аяқсыз қалмады
ашық дереккөзі
AMANAT партиясының Көкшетау қалалық филиалы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде қол арбаға таңылған мүгедек жандардың емін-еркін көтеріліп-түсуіне мүмкіндік беретін пандустың орнатылуына себепші болды.   Филиалдың қоғамдық бөлмесіне келген Жібек Оразбекова Ж.Саин көшесі, 41-үй мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің подъезіндегі баспалдаққа пандус орнату қажеттігін айтқан. Себебі, бұл подъезде тұратын кейбір жарымжандар өз пәтерлеріне көтерілу кезінде қиындық көруде. Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттары Р.С.Қалишев пен М.С.Әбішева арыз бойынша аталмыш мекенжайға барып, мәселемен танысты. Сөйтіп, пандус орнатуға қажетті құрылыс материалдарын сатып алу бойынша шешім қабылдады. Қажетті пандусты шаһардағы колледждердің бірі жасап, ал кейін орнатып берді.