Партия өкілдері мүгедектің үйіне газ тартып берді

Партия өкілдері мүгедектің үйіне газ тартып берді

Партия өкілдері мүгедектің үйіне газ тартып берді
ашық дереккөзі
Жыл басталғалы бері «АМАNАТ» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалдағы қабылдау бөлмесінде жергілікті халықты толғандырған бірнеше өзекті мәселе шешімін тапты. Мәселен, наурыз айының басында Бөкей ордасы аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Бисен ауылының тұрғыны көмек сұрап келді. Жалғызбасты әке, ІІІ топ мүгедегі Амангелді Майтақов үйіне газ кіргізе алмай жүргенін айтып шағымданды. Бұл мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Ермек Мендешов көмек көрсететін болды. Аудандық мәслихат депутатының бастамасымен ауыл тұрғындары, жеке шаруа қожалық иелері, мекеме ұжымдары, ауыл жастары бірігіп, газ тартуға қажетті қаржыны жинады. Сөйтіп, жарымжанның баспанасына газ құбыры тартылды. Өз кезегінде Амангелді Майтақов жылыту жүйелерін тегін орнатып берген Ерболат Бияшевке, ауыл тұрғындарына, аудандық мәслихат депутаты Ермек Мендешовке ризашылығын білдірді.