Шалғай ауылдағы жол мәселесі шешімін тапты

Шалғай ауылдағы жол мәселесі шешімін тапты

Шалғай ауылдағы жол мәселесі шешімін тапты
ашық дереккөзі
Маңғыстау ауданының «АМАNАТ» партиясы қоғамдық қабылдау бөлмесіне Шетпе ауылының тұрғындары келді. Олар Қосбұлақ-2 шағынауданындағы жол мәселесін шешіп беру бойынша өтініш білдірді.  Партияның аудандық филиал төрағасының атқарушы хатшысы Шапағат Нұрбергенұлы бұл мәселені жіті бақылауына алып, көмек көрсетілетіндігін жеткізді. Мәселені шешу үшін құзырлы мекемелерге хат жолданды. Тұрғындардың өтініші қанағаттандырылды. Атап айтқанда, «Шетпе» БПҰ төрағасы Амалбек Жаңбыршиевтың бастамасымен және «Алтын құрық» мекемесінің көмегімен Қосбұлақ-2 шағынауданына жол салу жұмыстары жүргізілді.  width= Ауыл тұрғындары жасалған жұмыстарға зор алғысын білдіріп, «АМАNАТ» партиясының әрқашанда халықпен бірге екендігіне сенімді екендіктерін жеткізді.