Жаңалықтар

«Президенттің бұйрығына бағынбайтын не деген арсыз компания?»: әнші құрылысқа қарсы (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

«Президенттің бұйрығына бағынбайтын не деген арсыз компания?»: әнші құрылысқа қарсы (ВИДЕО)

Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Жеңіс Ысқақованы үйінің жанында жүріп жатқан құрылыстың кесірінен 24 сағат бойы тыныштықтың жоқтығына шағымданды деп хабарлады turkystan.kz. «Өткенде осы видеоны парақшама салған едім. Бүгін тағы салуыма тура келіп тұр. Өйткені, өткенде ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлынан жекеменшік үйлердің қасындағы құрылыстарды тоқтатуды естігенімізде жүрегіміз жарылардай қуанып едік. Бірақ, сол бұйрық мына компанияға қатысы жоқ па деп ойлап тұрмын. Әлде бұл компанияның бастығы шетелде жүр ме екен? Бір Құдай білсін... Президенттің бұйрығына бағынбайтын бұл не деген арсыз компания? Мына кран мен үйімнің арасындағы қашықтық 9 метр. 24 сағат бойы тарсыл-гүрсіл тоқтамайды. Мынаны тез-тез бітіріп, өткізу керек болып тұр. Тез-тез бітірсек, бұздырмайды деген өздерінің ойлары бар сияқты», - деді Жеңіс Ысқақова. Әнші өзі түсірген видеоға отандық бірнеше БАҚ-тың әлеуметтік желідегі аккаунттарын да белгілеген.