Энергетика министрі елімізде АЭС салынатын өңірлерді атады

Энергетика министрі елімізде АЭС салынатын өңірлерді атады

Энергетика министрі елімізде АЭС салынатын өңірлерді атады
ашық дереккөзі
Қазақстанда Атом-электр станцияларының қай аймақтарда салынатыны белгілі болды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстанға АЭС қажет. Бірақ, ең алдымен, зерттеу жұмыстарын аяқтауымыз керек. Әзірленетін жоспардың ішінде олардың қай жерге орналасатыны туралы нақты қаралады. Бұл мәселеге кеңестік кезеңнен бастап зерттеу жасалған. Кейінірек оған дұрыс көңіл бөлінбеген. Қазір АЭС-ті салуда біз екі аймақтағы орынды жоспарлап отырмыз. Ол Балқаш қаласының Үлкен ауданында немесе Шығыс Қазақстандағы Курчатов қаласы деп жоспарлануда. Әрине, қосымша зерттеу жұмыстары мен тұрғындардармен келісім жұмыстары жүргізіледі», - деді Болат Ақшолақов.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда 31 мемлекетте АЭС бар. 2022 жылғы ақпандағы жағдай бойынша әлемде жалпы қуаты шамамен 390 ГВт болатын 439 энергетикалық реактор бар, әлемнің 19 елінде 52 реактор салыну сатысында. Атом энергетикасы әлемдегі электр энергиясының жалпы генерациясының 10%-ын құрап отыр.