Владимир Жириновский қайтыс болды – БАҚ

Владимир Жириновский қайтыс болды – БАҚ

Владимир Жириновский қайтыс болды – БАҚ
ашық дереккөзі
Ресейлік саясаткер, ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновскийдің қайтыс болғаны туралы хабар тарады деп жазды turkystan.kz lenta.ru-ға сілтеме жасап.
«Либералдық-демократиялық партияның жетекшісі Владимир Жириновскийдің қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл туралы 25 наурыз күні танымал Mash Telegram арнасы хабарлаған» деп жазылған ресейлік БАҚ таратқан ақпаратта.
Ресей басылымдары оның бүгін таңғы сағат 10:45-те жансақтау бөлімінде қайтыс болғанын жазған. Осы ақпарат тарағаннан кейін Ресей мемлекеттік Дума спикері Володин Жириновскийдің өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды.
«Оның жағдайы тұрақты, дәрігерлер саясаткердің денсаулығын сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр» делінген хабарламада.
Тағы оқи отырыңыз: Жириновскийдің Украина пішініндегі тортты кескен видеосы қайтадан тарады