Тимур Базарбаев Almaty телеарнасының бас директоры болып тағайындалды

Тимур Базарбаев Almaty телеарнасының бас директоры болып тағайындалды

Тимур Базарбаев Almaty телеарнасының бас директоры болып тағайындалды
ашық дереккөзі
AMANAT (бұрынғы Nur Otan) партиясының бұрынғы баспасөз хатшысы Тимур Базарбаев «Almaty ТРК» АҚ Бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы телеарна сайтында жарияланды. Тимур Базарбаев 1987 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың журналистика және саясаттану факультетін бітірген. Бұған дейін Тимур Базарбаев AMANAT (бұрынғы Nur Otan) партиясының баспасөз хатшысы және Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы қызметтерін атқарған. Әр жылдары Алматы, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің, Nur Media ақпараттық холдингі мен Nur Otan партиясының құрылымдарында жұмыс істеген.