Ұлттық Банк айырбастау пункттеріне 82 келі алтын сатқан

Ұлттық Банк айырбастау пункттеріне 82 келі алтын сатқан

Ұлттық Банк айырбастау пункттеріне 82 келі алтын сатқан
ашық дереккөзі
Қазақстан Ұлттық Банкі ақпан айында жалпы салмағы 82 келі болатын 2586 алтын құйма сатқан деп хабарлады turkystan.kz. Алтынды екінші деңгейдегі банктер және банктік емес айырбастау пункттері сатып алған. Қазіргі уақытта қаржы нарығындағы тұрақсыздық және валюта бағамының құбылмалы жағдайында алтын құймаға инвестиция жасау Алматы, Нұр-сұлтан және Атырау халқы арасында танымал бола бастады. Алтын құймалары бес сортта ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 грамм. Сатып алушылар арасында ең танымалы – салмағы 10 грамдық алтын. Ұлттық Банк 2017 жылы тазартылған алтын құймаларын халыққа сату және сатып алу бағдарламасын іске қосты. Сол кезден бері жалпы салмағы 2,9 тонна болатын 79 262 алтын құйма сатылған. Қазіргі уақытта алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкінен, сондай-ақ, банктік емес айырбастау пункттерінен сатып алуға және кері сатуға болады.