ДСҰ: Антиресейлік санкциялар салдарынан ашаршылық болуы мүмкін

ДСҰ: Антиресейлік санкциялар салдарынан ашаршылық болуы мүмкін

ДСҰ: Антиресейлік санкциялар салдарынан ашаршылық болуы мүмкін
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік сауда ұйымы Ресейге қарсы санкциялар салдарынан туындаған бүкіл әлемдегі азық-түлік бағасының өсуі әлемнің кедей елдерінде ашаршылық тудыруы мүмкін екенін ескертті деп хабарлады turkystan.kz.
«Бұл жағдай бізді алаңдатуы керек. Биылғы және алдағы жылы азық-түлік пен ашаршылыққа бағаның тигізетін әсері зор болуы мүмкін. Азық-түлік пен энергия – бұл әлемдегі кедей адамдардың тұтынушылық өміріндегі ең үлкен екі позиция», - деді ұйымның Бас директоры Нгози Оконжо-Ивеала британдық The Guardian газетіне берген сұхбатында.
[caption id="attachment_173218" align="alignnone" width="1200"]ВТО                                                                                          ДСҰ басшысы Нгози Оконджо-Ивеала[/caption] Ол сондай-ақ Украинадағы соғысқа байланысты егіс науқанына теріс әсер ететін жағдайлардың ықтималдығы жоғары екенін атап өтті. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының резервтеріндегі бидайдың барлық көлемінің жартысымен Украина қамтамасыз етеді. Қазір резервтер соғыс жүріп жатқан аймақтарға жөнелтілуде. Оконжо-Ивела Украинадағы егін науқанының қазіргі жағдайы биылғы азық-түлік жағдайына ғана емес, келесі жылға да әсерін тигізуі мүмкін екенін атап өтті. ДСҰ басшысы 2000 жылдары әлемдегі инфляцияның өсуіне байланысты болған ашаршылыққа қатысты өткен көтерілісті еске салды. Нгози Оконжо-Ивеала ДСҰ мүшелері азық-түлік экспортына шектеулер қоймауға шақырып отырғанын жеткізді.