Балаларды ұрды деп айыпталған тәрбиеші жұмыстан босатылды

Балаларды ұрды деп айыпталған тәрбиеші жұмыстан босатылды

Балаларды ұрды деп айыпталған тәрбиеші жұмыстан босатылды
ашық дереккөзі
Қарағанды облысында балаларға қол көтерген жекеменшік балабақшаның тәрбиешісі жұмыстан шығарылды. Бұл туралы облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады деп жазды turkystan.kz.
«Қарағанды облысының Білім басқармасы басшылығы «Әдемі» жекеменшік балабақшасында болған оқиғаны бақылауға алды. Барлық кінәлі тұлға жауапқа тартылады. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған тәрбиеші жұмыстан босатылды», - деді ведомство өкілі.
Сондай-ақ, бұл видеоны полиция қызметкерлері де тексерді.
«Оқиға Қылмыстық кодекстің 140-бабында көзделген "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша Абай ауданының ПБ-да тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу барысында полиция қызметкерлері 20 жастағы күдіктіні анықтады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Қарағанды облыстық полициясының баспасөз қызметі өкілі.