Руханият

Қазақ руханиятына Ахмет Байтұрсынұлының қосқан үлесі

ашық дереккөзі

Түркі әлемі бірлігінің бір жолы – ортақ тарихи тұлғалар арқылы бірігу. Бүгін біз Манасымызды, Орхан жазуымызды, Деде Қорқытымызды, Жүніс Эмремізді, Несимиді, Алишир Науайымызды, Физулиімізді, Абайымызды, Махтумқұлымызды және Байтұрсынұлымызды және басқа да зиялыларымызды мақтанышпен әрі қуанышпен айтамыз...

Біз әрдайым түркі әлемінің ортақ ұлы тұл­­­ғаларына қарыздармыз... Қазақ ғылымы мен ұлттық ой-пі­кі­рі­нің алдыңғы қатарлы тұлғаларының бірі Ахмет Байтұрсынұлы – XX ғасырдың ба­­­сындағы қазақтар арасында ең маңызды зия­лылардың бірі. Байтұрсынұлы қазақтың тәуел­сіз болуын, мәдениеті мен өркениеті ар­қылы заманауи елдердің қатарынан орын алуын армандаған зиялылардың көш басын­да болды. Мақсатына жетудің бірінші шарты бі­лім екенін түсініп, саналы ғұмырының елеу­лі бөлігін білім саласына арнады. Ұзақ жыл ұстаздық етті, мектепке қажетті кітап­тар­ды өзі жазды. Сонымен бірге қазақ фо­льк­лорын жинақтап, басып шығару арқылы қа­зақ мәдениетін сақтап, ұрпаққа жеткізуге күш салды. Ол қазақ тілі мен әдебиет ғылымының көш­басшысы болды. Оның осы саладағы маңыз­ды еңбектерінің бірі – араб әліпбиі не­гі­зінде жасаған қазақ әліпбиі. Сөйтіп, қа­зақ диалектісінің өз алдына жазба тілге ай­налуына жол салды. Оның тағы бір маңызды жұ­мысы – шет тілдерінен енген термин­дер­дің қазақша баламасын табу. Қазақтың қо­ғам­дық-саяси өмірінде өзіндік ізін қал­дыр­ған «Қазақ газетінің» ұзақ жылдар редакторы бол­ды. Ол – қазақтың тұңғыш тәуелсіз пар­­­­тиясы «Алаш» партиясы мен Алаш Орда үкіметінің маңызды тұлғаларының бірі. Қазақ әдеби ортасының қалыптасуына, ұлттық-әдеби ойдың өркендеуіне қа­зақ ғылыми-қоғамдық ой-өрісі тарихын­да­ғы көрнекті тұлғалардың бірі Ахмет Бай­тұрсынұлының еңбегі зор. Ахмет Байтұрсынұлы – қазіргі қазақ тілі мен әдебиетінің негізін қалаған адам. Байтұрсынұлының еңбектері өте көп зерт­теуді қажет етеді. Қазақтың қоғамдық өмірін да­м­ытуға бағытталған зерттеулер, әліпби тер­­миндерін, тіл үйрету әдістемесін, фольк­лор­­тануды, қазақ грамматикасы мен әде­бие­тін қамтиды. Қазақ грамматикасы мен әде­биеті терминдері жөніндегі зерттеулер де А.Бай­тұрсынұлына тиесілі. Ахмет Байтұрсынұлының тіл ғылымы жө­ніндегі еңбектерін профессор Вахит Түрік былайша жіктеді: 1. Әліпбиге байланысты зерттеулер 2. Мектептерге арналған оқулықтар 3. Жазу, емле терминологиясын зерттеу 4. Халық тәрбиесі мен мәдениеті туралы зерттеулер. Бұл аталғандардың әрқайсысы жеке тақырып болғандықтан, біз бұл мақа­лада тек бөлімдер туралы ақпарат бердік. Ахмет Байтұрсынұлының ең көп ізденістері мен қызметі білім беру саласында болды. Бі­­рақ сол кезде бүкіл түркі әлемінде бастал­ған әліпби ауыстыру, әліпби реформасы мә­селесінің маңыздылығы сонша, Байтұр­сын­ұлы да бұл талқылауға өте жақын арала­сып, өз ұсыныстарын айтты. Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуын 1910 жыл­дары қазақ тіліне бейімдеп, әліпби жасады. Осы мақсатта ол мектептерге арнап жаз­ған тұңғыш кітабы «Оқу ережесін» шы­ғар­ды. Байтұрсынұлы әліпбиі – қазақ тілін түр­кі тілінен тікелей бөлек жазған алғашқы әліп­би. Патшалық дәуірдегі XIX ғасырдың ор­та­сында қазақ түрік тілін жазба тілге ай­налдыруға көп күш жұмсалғанын айта кет­кен жөн. Бұл кезеңде орыс түркологтары қыр­ғыз немесе қазақ-қырғыз деп атаған қа­зақ мәтіндерін алғаш рет орыс әліпбиінде (ки­риллица) жариялаған ғылыми еңбек­терін­де жазды. Ахмет Байтұрсынұлы дайын­да­ған әліпби қазақ ауызекі тілінің дыбыс­тары мен дыбыстық құрылымына негіздел­ген. Ғалым 24 әріптен тұратын түркі жа­зуы­­нан 16 таңба алып, араб жазуы не­гі­зінде 8 таңба ойлап тауып, 24 әріптен тұра­тын әліпби жасайды. Бұл әліпбидегі ды­быс­тардың 5-еуі – дауысты, 17-сі дауыссыз, 2-еуі жартылай дауысты дыбыс. Байтұр­сынұлының бұл әліпбиі алғаш рет 1912 жылы Орынборда басылған. Бұған дейін Қа­зақстандағы татар тілінің ықпалынан құ­­­тылып, жаңалық енгізу мақсатында бірі 1906 жылы «Үлгі» баспасында (баспаханада) «Қазақ әліпбиі», екіншісі Байтұрсынұлы әліп­биі­мен басылған. Уфадағы «Шарик» басы­лы­мын­да екі бөлек, Жаңа әліпби тәжірибесі де жас­алды. 1924 жылы шілдеде Орынборда қазақ-қырғыз зиялыларының бірінші съезі өтті. Ахмет Байтұрсынұлы жиналыстың әліпби сессиясында баяндамасын ұсынады. Әуелі латын әліпбиіне көшеміз деп асықпау керек екенін, бұл бағытта әлі жұмыс атқарылған жоқ деп есептейтінін айтады. Оның орнына ол бұрыннан қолданылып жүрген араб әліпбиінің кейбір кемшіліктерін түзету оңай әрі ыңғайлы болатынын түсіндіреді. Бай­тұр­сынұлы жақсы әліпбидің ең маңызды қасие­тіне тілдегі төл дыбыстардың болуы, үйрену­ге және қолдануға оңай, тез жазылатын, әріп­тері бөлек көрінетін, баспа жұмыстарына қо­лайлы болуын ескертеді. Көрнекті түркітанушы А.Кононов А.Бай­тұрсынұлы жазған граммати­ка­лық кітаптарды жоғары бағалаған, ол атақ­­ты түркітанушы ғалымдардың бірі бол­ған. 1924 жылы Орынборда өткен қазақ-қыр­­ғыз ғалымдары мен мәдениет қайрат­кер­лерінің съезінде араб әліпбиі негізінде А.Байтұрсынұлы әзірлеген жаңа әліпби қа­зақ-қырғыздың ресми әліпбиі болып қа­был­да­нып, 1928 жылға дейін қолданылды. 1926 жылы Бакуде өткен Бірінші Баку түр­кологиялық құрылтайының VI мәжілі­сін­де А.Байтұрсынұлы «Емленің негізгі қағи­да­лары мен социологиялық мәні» тақыры­бын­да баяндама жасады. Ол өзінің түркі ха­лықтарына арналған әліпби жобасын съезд талқылауына ұсынғанымен, оны қа­был­дата алмады. Съезге Ф.Көпрулузаде, Әли бей Хусейнзаде және тағы басқа адамдар ке­леді. Олар арқылы айдауда жүрген бұрын­ғы әріптестерімен байланыс орнатып үл­гере­ді. Сонымен қатар Қазақстанда Ахмад Бай­турсуноглудан басқа Лидес Омаров, Азиз Бай­сейдуллин, Біләл Сүлеев сынды ғалымдар да қатысты. Ахмет Байтұрсынұлының Бакудегі түр­ко­логиялық конгресте «Қазақ терми­но­ло­гия­сының негіздері туралы» баяндамасы қы­зығушылықпен тыңдалды. Сөз алған А. Байтұрсынұлы менің тезис­терім­мен барлық өкілдер таныс болған­дық­тан, мәселенің егжей-тегжейіне тоқталмай­мын деді. Мәдениеті төмен елдің өнімділігі де төмен, өнеркәсіп пен сауда дамымайды, ауру мен індетке күресте әлсіз екендігін тілге тиек етті. А.Байтұрсынұлы қазақ тіліндегі тер­минология тәжірибесі туралы айта келіп, қа­зіргі мәдениет бір ұлттың немесе нәсілдің же­місі емес, бүкіл адамзаттың күш-жігері мен әдет-ғұрпының жемісі деді. Баяндамашы әр халықтың мәдениетінде өзіндік мәде­ние­тін қалыптастырғанын айтты. Мәдениеттен бө­лек, меңгеру мәдениеті де бар. Сатып алу мә­дениеттері басқыншылықта да, бейбіт жағ­дайда да болады. Ғалым патшалық Ресей жүр­гізген саясаттың салдарынан қазақ хал­қы­ның мәдениеті дами алмай отырғанын атап өтті. 1905 жылдан кейін ғана қазақ мә­де­ниетіне қатысты кітапшалар, журнал­дар, газеттер, оқулықтар шыға бастады. Ол терминология жағынан қазақ сөз­деріне басымдық бердік деді. Қазақ ті­ліне туыс тілдерден қазақша емес сөздерді ал­дық. Өйткені туыстас тілдердің сөздерін тү­сіну оңайырақ. Әлемдік терминдерді қа­был­­дағанда қазақ тілінің өзіндік ерек­ше­лік­те­рін ескеру қажет. Бір қызығы, тек Бай­тұр­сынұлы ғана емес, басқа да спикерлер, пі­кір­та­­ласқа қатысқан ғалымдар да тер­ми­но­ло­гия­да ең алдымен халық тіліне басым­дық беріп, қажет болған жағдайда басқа тілдерді де қолдану қажет деген пікірде. Талқылаудан кейін терминология бойын­ша қарар дайындауға Чобан­за­де (төраға), Зифельд, Зейналли, Одабаш, Бай­тұрсынұлы, Гелдиев, Мақсудов, Шакир­жан Рахими, Махмуд Надим, Айюбов, Сади бас­таған комиссия құрылды. Съезде әліпби мә­селесін талқылауға қатысқан Ахмет Бай­тұр­сынұлы бұл талқылауларда «кириллица» әліп­биін қолдаушы ретінде әрекет етеді. Ахмет Байтұрсынұлы – «Қазір біз дайын­даған қазақ әліпбиінен артық ештеңе жоқ. Ла­тынға көшсек те бұдан артық болмайды. Сон­дықтан латынға көшудің не қажеті бар?», – деп түйіндеді сөзін. Сол жиында қазақ­тар­дағы әліпби ауыстыруға қатысты; «...арабша же­тіспейтін әріп; әр әріптің үш-төрт емлесі бар. Әліпбиді ауыстырғаннан гөрі бұл кем­ші­ліктерді жою оңайырақ. Осы әліпбиді бі­раз реформалар арқылы қолдануға ыңғайлы етейік. Біз де осы әліпбимен басып шығара ала­мыз және бұл үшін көп ақша жұмсадық. Ла­тынға көшетін болсақ, біз оларды жаңар­туы­мыз керек, сондықтан латынға көшу біз­г­е экономикалық тұрғыдан қиын болады» – деген пікір білдірді. Жиында әліпбиге қатысты қызу тал­қы­лау болады. Ахметті қолдай­тын­дар түрлі себептер айтып, жаңа әліпбиге қар­сы екенін түсіндіреді. Ахмет Байтұрсынұлының мектептерге ар­налған оқулықтары Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары – қа­зақ тілі туралы алғашқы еңбектердің бірі. Оның зерттеулері қазақ тіл ғылымы тари­хы­ның негізін қалады. Байтұрсынұлының та­лай рет басылып шыққан оқулықтары; Оның «Тіл Құрал», «Тіл танытқыш», «Оқу құра­лы», «Әліп би», «Әдебиет танытқыш» жә­не қазақ дауысты дыбыстары, оқу жүйесі, оқу түрлері туралы көптеген ғылыми-әдіс­темелік мақалалары, түркологияға қатысты зерт­теулері бар. Оның жұмысы негізінен тіл ғылымына арналды. Ахмет Байтұрсынұлының мектеп оқу­шы­ларына көбіне жаңа әліпбиді үйрету мақ­сатында жазған «Оқу ережесі» атты ең­бегі және оның алғашқы кітабы 1912 жылы Орынборда басылған. Бұл жұмыс мәтін­дер­дің үлгілерімен және тақырыптардың ор­на­ласуымен таңғалдырады. Бұл жұмыста ол оңай­дан қиынға қарай ауысып отыратын жүйе­ні қолданды. Оқулықтың ең бір қызық тұсы – мақал-мәтелдермен мысал келтіре оты­рып, түрлі дүниелер мен оқытудың өзін­дік жүйесін түзеді. Осылайша оқу мен жазуды үйретумен қа­тар білім беруді де мақсат еткен. Та­ғы бір айта кететін жайт, балалардың на­маз оқуын ын­таландыру үшін халық поэ­зия­сын қолдануы. Тарихта өз ұлтын оқытып, оны ағарту жолында ауыр зардап шеккен тұл­ға­лар көп емес. Ахмет Байтұрсынұлы жоға­ры­да айтқанымыздай, білім саласын ұлттың жар­қын болашағының негізі деп есептеп, осы жолда аянбай еңбек етті. Еңбектері мен шығармаларына үңілгенде оның қандай ұлы тұл­ға екеніне тағы бір мәрте көз жеткіземіз. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын сүйген, оның жолында небір қиыншылықтарға төзе біл­ген, қазақтың ұлттық ой-өрісін, салауатты әде­би ортасын қалыптастыру жолында аян­бай тер төккен, осы жолда бар қауіп-қа­тер­лерді ескерген нағыз зиялы болды. Жазушы, аудармашы, баспагер, тіл жа­н­ашыры, жазушы ретінде А.Бай­тұрсынұлы қазақ халқының әлеуметтік жә­не мәдени оянуына қызмет еткен, өмірі мен шығармашылығы арқылы түрік зия­лы­ларына бағыт-бағдар берген көрнекті қазақ ға­лымы ретінде әлі күнге дейін ұрпақ есінде.

Эльчин ИБРАҺИМОВ, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы Насими атындағы Тіл білімі институты түрік тілдері бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, доцент