Жетісу, Абай, Ұлытау – байтақ дала тарихының жаңа беті

Жетісу, Абай, Ұлытау – байтақ дала тарихының жаңа беті

Жетісу, Абай, Ұлытау – байтақ дала тарихының жаңа беті
ашық дереккөзі
Ел мен жердің иесі – халық. Демек, қашан да ел билеушілер халықтың қоныстауының жиі не сирек болуына орай әкімшілік аумақтарды белгілеп кел­ген. Сондай-ақ кейде саяси-экономикалық мақсаттарға сай бұрынғы аумақтар ірі­лен­діріліп, біріктіріліп жатады. Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дарында елі­мізде әкімшілік аумақ­тарды оң­тай­лан­дыру саясаты жүріп, 1997 жылы 22 сәуір­де Торғай облы­сы тара­тылып, тер­ри­ториясы Қостанай және Ақ­мола об­­лыс­тарына бөлініп берілсе, Семей облы­сы ор­талығы Өскемен қаласы болып бел­гі­лен­­ген Шығыс Қазақстан облысымен бірік­тірілді. Бұрын Қарағанды облысының құрамынан бөлініп шыққан Жезқазған облысы қайтадан Қарағанды облысының құра­мына енді. Талдықорған облы­сы­ның ау­мағы Алматы облысының құрамына кір­ді. Міне, сөйтіп бір кезде 19 облыстан тұра­тын Қа­зақстан аумағы енді 15 облыс ау­мағына бөлініп, жаңа әкімшілік ай­мақ­тар пайда болған еді. Дегенмен онсыз да ұлан-байтақ далада сирек қоныстанған республикамыздың халқы жаңа аумақтық бөліністерден кейін біраз қиындық көрді. Атап айтқанда, кейбір аудан, ауылдар об­лыс орталықтарынан тым қашықтап ке­тіп, қатынас қиындады. Соның себебінен шет­те қалған елді мекендерден халықтың үдере көшіп, облыс орталықтарына, Ал­маты секілді ірі қалаларға қоныс аударып, елі­міздегі үлкен шаһарларда урбанизация үде­рісі қауырт байқалды. Бұл еліміздегі қа­ла халқының санын арттырғанымен көп­теген қиындық пайда болды. Бұ­рын ауыл шаруашылығымен айналысып кел­ген халық басқа салалардан жұмыс із­­­деуге мәжбүр болды, еліміздің аграрлық саласын ақсап, елді мекендердің жойылуы­на, қалаларда жұмыссыздықтың күшеюіне жет­кізді. Таратылған бұрынғы облыс ор­та­­­лықтары жүдеді. Сөйтіп бұл үдеріс тура ширек ғасырға дейін жалғасты. Бұлай ке­­те берсе Қазақстан халқы санаулы қала­лар­ға жиналып, әлемдегі тоғызыншы тер­­ритория аталған елдің көптеген ай­ма­ғында халықтың саны мүлдем азайып кету қаупі төнді. Ал бұл жағдай мем­ле­ке­т­і­мізге стратегиялық жақтан тиімсіз бо­лары анық еді. Дегенмен мұны жіті аңға­рып, еліміздің әкімшілік аумақтарын қай­та реформалау қажеттігін дер кезінде аң­ғарып, осы өзекті мәселені шешуді ба­тыл қолға алған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 16 наурызында жасаған «Ха­лық бірлігі және жүйелі рефор­малар – ел өр­кен­деуінің берік негізі» атты Жол­дауын­да былай деген еді: – «Қуатты өңірлер – қуатты ел» деген ұста­­ным әрдайым өзекті. Осы орайда, елі­міздегі әкімшілік-аумақтық құрылымның оң­тайлы болуы өте маңызды. Бұған дейін Шым­кент республикалық маңызы бар қа­лаға айналды. Облыс орталығы Түр­кі­стан қаласына көшірілді. Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан об­лысы Түркістан облысы деп атал­­ды. Бұл қай жағынан алсақ та дұрыс қа­дам болды. Оны халық өте жылы қабыл­да­ды. Мен «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» ат­ты мақаламда осы үрдіс жалғасатынын айт­қан едім. Содан бері азаматтарымыздан көп­те­ген ұсыныс келіп түсті. Менің тап­сырмам бойынша оның бәрі мұқият зер­­деленді. Халықтың қалауын ескеріп, мен бүгін бірқатар бастама көтергелі отыр­мын. Ең алдымен, Семей аймағында Абай об­­­­лы­сын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың ор­та­лығы болады. Осы мәселені аймақ тұр­ғындары көптен бері айтып жүргенін біле­мін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйт­кілдер аз емес. Мысалы, аймақтың іш­кі инфрақұрылымы әбден тозған. Кезін­де Алаш арыстарының басын қосқан Се­мей қаласының жағдайы да мәз емес. Біз тарихи әділдікті орнатып, ұлыларымыз дү­ниеге келген киелі өлкені қайта жаң­ғыр­туға тиіспіз. Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған об­лысының аумағында Ұлытау об­лысын құру қажет. Жезқазған қаласы қай­тадан облыс орталығы болады. Бұл ай­мақ­та дербес облыс құру – экономика­лық қана емес, рухани жағынан да маңыз­ды шешім. Кең байтақ қазақ жерінің дәл жүре­гін­де орналасқан Ұлытаудың төл тарихымыздағы орны ерекше. Ел тағдыры шешілген ұлы жиындар осында өткен. Са­рыарқаның төрінде орналасқан бұл ай­мақ­тың туристік әлеуеті өте зор. Оның өн­дірістік қуатын, логистикалық мүмкін­дігін ұтымды пайдалану керек. Бір сөзбен айтқанда, біз Ұлытау аймағының дамуына жол ашамыз. Үшінші мәселе. Алматы агло­мера­ция­сына қатысты түйткілдер көп. Об­лыс тұрғындары негізінен қала төңі­ре­гіне шоғырланған. Ұзынағаштағы немесе Тал­ғардағы мәселені сонау Талдықорғанда оты­рып шешу оңай емес. Облыс орта­лы­ғы­на бару үшін халықтың алысқа са­былуы­на тура келеді. Осы және басқа да жайт­­тарды ескере отырып, Алматы облы­сын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы об­лыс­тары құрылады. Алматы облы­сы­ның орталығы Қапшағайда болуы ке­рек. Ал, Жетісу облысының орталығы Тал­­­­ды­қор­ғанда орналасады. Бұл қадамдар ай­мақ­тарды дамыту ісіне тың серпін береді деп санаймын. Жалпы, жаңа облыстардың құ­рылуы – көпшіліктің көкейінде жүр­ген мәселе. Кезінде облыс мәртебесінен айырылған өңірлерде тұрғындар саны азайып, тұрмыс сапасы төмендеп кеткені жа­сырын емес. Осы олқылықтың орнын тол­тыратын кез келді. Әкімшілік-аумақтық өзгерістер мем­ле­кеттік басқару үдерісін жеңіл­детеді. Жұрттың облыс орталығына ба­рыс-келісін оңайлатады. Ішкі көші-қон мәселесін реттеуге сеп­ті­гін тигізеді. Жаңадан құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп ата­луын­­да ерек­ше мән бар. Біз ұлан-ғайыр жері­міздің байыр­ғы атауларын, ұлы тұлғаларымыз­дың есімін ұрпақ санасында жаңғырта береміз». Мемлекет басшысының бұл сөзі шын мәнінде Жаңа Қазақстан идея­сының бағытын айқындап, ел да­муы­ның жаңа жолға түсуіне тың серпін берері хақ. Өйткені ел мен жердің иесі – халыққа өз туып-өскен мекенінде еңбек етіп, сол ар­қылы тұтас мемлекеттің өркендеуіне үлес қосуына мүмкіндік берудің маңызы зор. Шынын айту керек, ел ішінде жаңа­дан ашылатын облыстар тура­лы әртүрлі пікірлер бар, біреулер «үш о­блыс ашу шенеуніктердің санын көбей­теді» десе, енді бір кісілер «облыстардың ашылуы еліміздің саяси-экономикалық тұрғыдан жаңа дамуына жол ашады» деген пікірде. Қалайда еліміздің әр өлкесінің өз иесі болғаны дұрыс. Мәселен, Семей облысы – рухания­ты­мыздың ұлы тұлғасы Абайдың, өзге де белгілі тұлғадардың дүниеге келген жері. Әйгілі Алашорда қайраткерлерінің туған, еңбек еткен өлкесі. Сондықтан оны Абай облысы қылып қайта құрудың маңы­зы зор. Бұл аймақ тек рухани жағынан ға­на емес, еліміздің экономикалық жағы­нан дамуына мол үлес қосар еді. Сол се­беп­­тен көпшілік Абай облысының құрылуы экономиканың барлық сала­сын жан­дан­дыруға ықпал етеді деген пікірде. Көп­теген азамат жаңа ашылмақ облыс ту­ралы оз ойларын айтып жатыр. Бұл жайын­да «Зайсан-Ертіс облысаралық бас­сейн­­дік балық шаруашылығы инспек­ция­сы» РММ Семей балық инспекция бө­лі­мі­нің басшысы Нұржан Бекқожин былай дейді: «Ел Президентінің бұл тарихи ше­шімі – өңір тұрғындарының көптен күт­кен жаңа­­­­лығы. Облыс орталығы Өскемен қа­­ла­­сына ауыстырылғаннан бері біздің қа­­­­ламыздың облыстық маңызы бар басқа қа­­лалармен салыстырғанда әлеуметтік жә­­не экономикалық дамуда артта қалып ке­ле жатқаны баршаға аян. Абай облы­сы­ның құрылуымен экономиканың барлық са­ла­сында: өнеркәсіптік, құрылыс, ауыл шаруашылығында, балық шаруашы­лы­ғында жандану басталады деп үміттенеміз және сенеміз. Семей қаласында осы жыл­дары барлық инфрақұрылым, жылумен жаб­дықтау, жолдар сапалы жөндеу көр­меді. Енді осы кемшіліктердің барлығы жойы­лады деп ойлаймыз. Кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары ха­лықтың және бюджет қаражатының ағылуына байланысты балық шаруа­шы­лы­ғы саласын инвестициялайды және да­мытуға мүдделі болады. Балық шаруа­шылығы субъектілеріне бөлінетін суб­сидия көлемі артып, балық шаруа­шы­лығымен айналысатын субъектілер са­ны­ның артуына оң ықпалын тигізеді деп са­наймын. Сондықтан жаңа облыстың құрылуы өнеркәсіптің, құрылыс сала­сы­ның ғана емес, сонымен қатар біздің ай­мақ­тың балық шаруашылығының дамуы­на және келешегіне одан әрі серпін береді». Сондай-ақ «AMANAT» партиясы жастар қа­на­тының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш Мемлекет басшысының сөзіне орай: «Жолдаудың мазмұны мен мәні барлық Қазақстан халқы күткендей ерекше бол­ғаны анық. Соның ішінде, ел Прези­ден­тінің Семей өңіріне Абай облысын беруді ұсынғаны дүйім жұрттың көңілінен шық­ты. Бұл Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына серпін бере­ді. Жастарға тиісті жағдай жасалып, жаңа жұмыс орындары көптеп ашылады деп сенеміз» дейді. Демек, Абай облысын ашу әрі рухани да, саяси-экономикалық тұр­ғыдан тиімді деуге болады. Ал бұрынғы Жезқазған облысы ау­ма­ғына Ұлытау облысын құрудың да ұлттық руханиятымызға әсері мол болмақ. Себебі халық «Ұлт ұясы – Ұлытау» деп әспеттейтін бұл аймақ тарихи мекен ретінде елімізден тысқары жерлерге де белгілі. Қа­­зақ­стан­да­ғы тарихи-мәдени ескерткіш­тер­дің үлкен шо­ғыры орналасқан әрі те­мірлі квар­цит­тің, темірлі марганецтің, мыс­тың, по­ли­металдардың, қоңыр көмір­дің, сирек металдардың кен орындары көптеп кез­де­сетіп Ұлытауды жеке облыс қыл­са, ол елі­міздің рухани да, экономи­ка­лық жа­ғына жақсы әсер етері анық. Мем­лекет басшысынң өзі бұған ерекше назар ау­дарып, «Ел тағдыры шешілген ұлы жиын­дар осында өткен. Сарыарқаның тө­рінде орналасқан бұл аймақтың турис­тік әлеуеті өте зор. Оның өндірістік қуа­тын, логистикалық мүмкіндігін ұтымды пай­далану керек. Бір сөзбен айтқанда біз Ұлы­тау аймағының дамуына жол ашамыз» дегенін ескерсек, Ұлытаудың төл тарихы­мыздағы орны айқындала түседі. Тіпті, Ұлытау облысының ашылуын еліміздің өзге аймақтарында тұратын азаматтар да Президент шешімін қызу қолдап жатыр. Мәселен, бұл жөнінде Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев «Үш жүздің басын қосқан Ұлытау – қазақ халқының тарихи орталығы. Далалық өркениет көне мәдениетінің нақ кіндігі. Ұлытауда Жошы хан мен түркітілдес тайпалардың негізін қалаушылардың бірі Алаша ханға кесенелер көтеріліп, есімдері Ал­тай, Орал, Қырым, Солтүстік Кавказ жә­не Өзбекстанның халық ауыз шығар­ма­шылығында мәңгілік сақталған Алтын Орданың ханы Тоқтамыс, Ордалық ұлы қолбасшы, әмір Едіге де осында жерленген. Сондықтан Ұлытау облысын құру бабалар рухына көрсетілген тағзым әрі әділ баға деп ойлаймын» деп облыстың тарихилы­ғына баса мән береді. Президент Жолдауында елдің на­зарын ерекше бұрған мәселенің бірі Алматы облысын екіге бөліп, бұрынғы Талдықорған облысын Жетісу деп атап, жаңа облыс құру туралы шешімі болды. Расында етек-жеңі далиған бүгінгі Алматы об­лысын бір жерден басқару оңайға соқ­пасы анық. Бұрынғы Талдықорған және Алматы облыстарын қосып, алып бір об­лыс жасап, оның орталығын облыстың көптеген ауданынан шалғайда орна­лас­қан Талдықорған қаласы ету халықтың түрлі жағдайларға байланысты мәселе­лерін шешуге айтарлықтай қиындық туғыз­ды. Демек, Жетісу облысын жеке ашып, оның орталығын Талдықорған қа­ла­сы ету мен Алматы облысын бөлек об­лыс қылып, об­лыс орталығын Қапшағай қаласына кө­шіру де аймақты басқаруды оңтай­лан­дыра түседі. Қазір бұл жайында ел арасын­да­ғы пікірлер де жақсы рәуіште. Алматы облыстық мәслихатының хат­шысы, депутат Жанболат Жөр­ген­баев «Талдықорған өңіріне жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесін, инвесторларды тар­ту мәселесі сияқты бір кешенді жоспар­лар дайындалып жатыр. Оның бәріне, әрине уақыт керек. «Көш жүре түзеледі» дей­ді. Жасалып жатқан шаралардың бар­лы­ғы іске асып жатқанда, әрине болашақ Жетісу өңірі де жақсы бір үлкен облыс­тар­дың бірі болады деп есептеймін» дейді. Ол аймаққа жаңа инвес­тициялар тартылып, шалғай аудан­дарды қалпына келтіру ар­қылы Жетісу өңіріне тың серпін беріле­тініне сенеді. Ал Қазақстанның мемлекет және қо­ғам қайраткері Ерсұлтан Бектұрғанов бол­са, Мемлекет басшысының Жолдауын­да көтерілген мәселеге кеңірек қарап мы­надай пікір айтты: «Жолдауда айтылған бастамалардың осындай талқылаудан өткені анық. Соның ішінде отандастары­мыз жаңадан үш облыс құру туралы идея­ны үлкен ықыласпен қабыл алды. Осы орайда, Қасым-Жомарт Кемелұлы бұрын­ғы Алматы облысының орнына Жетісу жә­не Алматы облыстары құрылып, Қап­ша­­ғай қаласы соңғысының орталығы бо­ла­ты­нын айтты. Одан әрі сөзін сабақтап: «Қап­шағай қаласы халқымыздың біртуар пер­зенті Дінмұхамед Қонаевтың есімімен ты­ғыз байланысты. Егер жұртшылық Қап­ша­ғайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсы­ныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын», – деді. Мемлекет басшысының бұл бастамасы қоғамда, оның ішінде әлеуметтік желі­лерде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік, оның ішінде Қапшағай қала­сы­ның тұр­ғын­дары қала атауын сол күйін­де қал­дыруды да қалайтынын ай­туда. Сон­дықтан Қапшағай қаласының атауын өзгертпей, жаңадан құры­ла­тын облысты (Алматы облысын) «Қо­наев облысы» деп атаса, тарихи шешім бо­лар еді. Елімізде тұлғалардың атымен ата­латын елді мекендер, әкімшілік-ау­мақтық бірліктер аз емес. Мысалы, Семей өңірі Абай облысы деп аталатын болды. Оның үстіне, адамдар, әсіресе шетелдіктер Алматы қаласы мен Алматы облысын үне­мі шатастырып жүреді. Алматы қаласы – тарихы тереңге кеткен үлкен мегаполис, қаржы, бизнес және мәдениет орталығы. Сондықтан «Алматы» атауын сол қаланың атымен шектесек қате болмас. Ал жаңа өңір Қонаев облысы деп аталса, Қапшағай қа­ласы бойынша көп өзгеріс жасаудың қажеті жоқ әрі қаржылық шығындар да азая­­­ды. Бұл жағын да ескергеніміз жөн. Сөз реті келгенде айта кетейін, Қапшағай қаласының төңірегі бұрыннан туристік әлеуеті мол демалыс орны ретінде белгілі. Жаз­ғы маусымда алматылықтардың көп­шілігі сол маңнан табылады. «Қайда бара жатырсың?» деген сұраққа «Қапшағайға де­малуға бара жатырмыз» деп жауап бере­ді. Ал оның атауын «Қонаев» деп өзгертсек, жөн сұраған адамға «Қонаевқа шомылуға не күнге күюге бара жатырмыз» десе, ың­ғайсыз естілмей ме... Әлеуметтік желілерде осы жағы да баса айтылуда. Жалпы, Қапшағай қаласын облыс орталығы ету дер кезінде қабыл­дан­ған өте дұрыс шешім деп санаймын. Ол да Түркістан қаласы сияқты күні ер­тең-ақ жан-жақты өркендеп-өскен сәу­летті шаһарға айналады. Бүгінде оның тұр­ғындары 60 мыңнан сәл асатын болса, жаңа кәсіпорындар құрылып, жаңа жұмыс орындары ашылған соң халық саны да көбейіп, жаңа экономикалық өсу орта­лы­ғы болатынына сенемін. Президент «Бұл қадамдар аймақтарды дамыту ісіне тың серпін береді деп санаймын», – деді. Қала­ға таяу жерде, Іле өзенінің жағасында әй­гі­лі «Тамғалы тас» ескерткіші бар. Енде­ше Қапшағай қаласы облыс орталығы ға­на емес, тарихи туризмді де дамытуға жол ашатын аймақ болатыны және жаңа өн­дірістер, жұмыс орындары ашылып, Алматы қаласына түсіп тұрған ауырлықты көтеруге үлес қосары сөзсіз. Міне, көріп отырғанымыздай, іс ба­­­­сында, билікте жүрген азамат­тар­­дың түгелге жуығы жаңадан ашылмақ Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарын ашудың тиім­ділігі мен аймақ халқының өміріне әсер етуші факторлар жөнінде оң пікір біл­діруде. Бұл – халықтың да, биліктің де атал­ған мәселе жөнінде бір пікірде екені­нің көрінісі. Тарихы терең Ұлытау өңірінде, ұлты­мыздың руханиятында үлкен орны бар Абай жерінде, еліміздің эко­но­микалық дамуына әсері зор Жетісу өлке­сінде жеке дара облыстардың ашылуы елі­міздің саяси, мәдени өміріне оң өзгеріс­тер әкеліп, халықтың әл-ауқатын арттыру­ға пайдасы тиіп, жаңа Қазақстанның өр­кен­деуіне жол ашары сөзсіз. Біз Жетісу, Абай, Ұлытау аймақтарын же­ке әкімшілік аймақ қылу арқылы бай­тақ дала тарихының жаңа бетін аша­мыз, ашамыз да оны мол жетістіктер жай­лы жаңа жазбалармен толтырамыз.