Ақмола облысында су мұнарасы құлады

Ақмола облысында су мұнарасы құлады

Ақмола облысында су мұнарасы құлады
ашық дереккөзі
Ақмола облысының Макинка ауылында қатты жел салдарынан су мұнарасы құлап, тұрғындар сусыз қалды деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Оқыс оқиғадан кейін 1 500-дей тұрғын сусыз қалды. Тапшылықты болдырмау үшін су тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылған. Сонымен қатар оқиға орнына арнайы мамандар келді. Олар мұнараның одан әрі пайдалануға жарамдылығын анықтайды.
«Макинка тұрғындарына екі көлікпен су жеткізілді. Ертең де сол қарқынмен жұмысты жалғастырамыз. Мамандар нақты шешім шығаруы керек. Себебі су айдау мұнарасының астындағы іргетас қозғалса, онда бұзып, жаңасын орнату қажет болады», - деді Макинка ауылының әкімі Жанат Көшкімбаев.
Тағы оқи отырыңыз: «Шу бойында суға тапшылық болмауы тиіс» – Мәжіліс депутаты