Шамалған ауылында ер адам өлген итті көлігіне байлап сүйреген (ВИДЕО)

Шамалған ауылында ер адам өлген итті көлігіне байлап сүйреген (ВИДЕО)

Шамалған ауылында ер адам өлген итті көлігіне байлап сүйреген (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматы облысының полицейлері иттің өлексесін автокөлігіне байлап сүйреген ауыл тұрғынын ұстады деп жазды turkystan.kz. Жануарға қатігездік танытқан сәт түсіп қалған видео әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазба авторы оқиға Алматы маңындағы Шамалған кентінде болғанын айтқан. Алматы облысының полициясы бұл фактіні тексеруге кірісті. Құқық қорғау ведомствосы видео 24 наурызда Шамалғанда түсірілгенін растады.
«Toyota 4Runner» көлігінің жүргізушісі 56 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары оны ұстап, Қарасай аудандық полициясына жеткізді. Ер адам иттің өлексесі жолда жатқанын және көліктердің қозғалысына кедергі келтіргенін айтты. Сол себепті ол өлген итті елді мекен шетіне, адам жүрмейтін жерге сүйреп апарып тастамақ болған. Қазір ұсталған адамның жауабы тексеріліп жатыр», - деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адамға қатысты соңғы процессуалды шешім тексеріс нәтижесі бойынша қабылданады.