Ұлттар лигасы: Қазақстан Молдованы жеңді

Ұлттар лигасы: Қазақстан Молдованы жеңді

Ұлттар лигасы: Қазақстан Молдованы жеңді
ашық дереккөзі
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында Молдова құрамасын жеңді деп хабарлады turkystan.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Командалардың кездесуі Кишиневте өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.
Есепті бірінші болып алаң иелері ашты. Бірінші таймда Ион Николаеску Молдованы алға шығарды. Үзілістен кейін Қазақстан құрамасы есе қайтарып қана қоймай, алға шықты. Алдымен 63-минутта Сергей Малый есепті теңестірді. Араға 16 минут салып қорғаушы Вячеслав Посмак Бахтиёр Зайнутдиновтың соққысын кері қайтарам деп, өз қақпасына гол соқты. Командалар қарымта матчты 29 наурызда Нұр-Сұлтанда өткізеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша С дивизионынан шығатын команда анықталады. Айта кетейік, Қазақстан үшін бұл қатарынан екінші жеңіс болды. Бұған дейін қараша айында өткен жолдастық кездесуде Тәжікстан құрамасын ұтқан болатын (1:0). Молдова — Қазақстан — 1:2 (1:0) Голдар: Николаеску 45+1 (1:0), Малый 63 (1:1), Посмак автогол 79 (1:2). Тағы оқи отырыңыз: Қазақстандық спортшы 8 жылға спорттан шеттетілді