АҚШ-тың экс-президенті Хиллари Клинтонды сотқа берді

АҚШ-тың экс-президенті Хиллари Клинтонды сотқа берді

АҚШ-тың экс-президенті Хиллари Клинтонды сотқа берді
ашық дереккөзі
Дональд Трамп Флорида округінің федералды сотына шағымданып, Хиллари Клинтон мен демократиялық партияның басшылығына қарсы сот ісін қозғады деп жазды turkystan.kz РИА Новостиге сілтеме жасап. Дональд Трамп саяси қарсыластарының Ресеймен қастандық жасау туралы жалған мәлімдемелер жасау арқылы 2016 жылғы сайлау нәтижелеріне әсер етуге әрекет жасады деп айыптап отыр.
«2016 жылғы президенттік сайлау қарсаңында Хиллари Клинтон мен оның жақтастары ақылға сыймайтын қастандық жасауға тырысты. Бір уақытта олар бірлесе әрекет ете отырып, сайлаушыларды республикалық қарсыласы Дональд Дж. Трамптың шетелдік державамен байланысы бар деп сендірмек болды», - делінген АҚШ-тың бұрынғы басшысының мәлімдемесінде.
Дональд Трамптың айтуынша, олардың мақсаты оны қаралау және президенттік сайлауда жеңіске жету мүмкіндігін жою болған. Еске салсақ, Дональд Трамп өз жақтастарына 2024 жылы Ақ үйге оралуға уәде берген болатын.