Қарағандылық балабақша тәрбиешісі балалардың басынан ұрған (ВИДЕО)

Қарағандылық балабақша тәрбиешісі балалардың басынан ұрған (ВИДЕО)

Қарағандылық балабақша тәрбиешісі балалардың басынан ұрған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде балабақша тәрбиешісінің балаларды басынан ұрған видео тарады. Орын алған оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтауда деп жазды turkystan.kz. Instagram-да skandal_krg парақшасында жарияланған видеода оқиға Қарағанды ​​облысы Абай қаласындағы балабақшада болғаны айтылады. Видеодан тәрбиешінің бөлмеде жүрген бірнеше баланы желкесінен ұрғанын көруге болады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от КАРАГАНДА SKANDAL_KRG (@skandal_krg)

«Камералардан бейнежазбаны көріп, жағамды ұстадым», – деп жазды видеоның авторы.
Қарағанды ​​облысының Полиция департаменті видео тарағаннан кейін зардап шеккендер мен оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Абай аудандық білім бөлімінің мәліметінше, балабақша жекеменшік, білім бөліміне бағынышты емес.
«Әдемі» балабақшасы – жекеменшік мектепке дейінгі мекеме. Абай аудандық білім бөлімінің қарауына жатпайды. 500 орындық жеке балабақша 2021 жылдың ақпан айында ашылған. Оқиғаға қатысты комиссия құрылды», - делінген ресми ақпаратта.