Қарағандылық балабақша тәрбиешісі балалардың басынан ұрған (ВИДЕО)

25 наурыз, 2022 / Қанат Жаңбырбай
ашық дереккөзі
Қарағандылық балабақша тәрбиешісі балалардың басынан ұрған (ВИДЕО) Әлеуметтік желіде балабақша тәрбиешісінің балаларды басынан ұрған видео тарады. Орын алған оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтауда деп жазды turkystan.kz. Instagram-да skandal_krg парақшасында жарияланған видеода оқиға Қарағанды ​​облысы Абай қаласындағы балабақшада болғаны айтылады. Видеодан тәрбиешінің бөлмеде жүрген бірнеше баланы желкесінен ұрғанын көруге болады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от КАРАГАНДА SKANDAL_KRG (@skandal_krg)

«Камералардан бейнежазбаны көріп, жағамды ұстадым», – деп жазды видеоның авторы.
Қарағанды ​​облысының Полиция департаменті видео тарағаннан кейін зардап шеккендер мен оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Абай аудандық білім бөлімінің мәліметінше, балабақша жекеменшік, білім бөліміне бағынышты емес.
«Әдемі» балабақшасы – жекеменшік мектепке дейінгі мекеме. Абай аудандық білім бөлімінің қарауына жатпайды. 500 орындық жеке балабақша 2021 жылдың ақпан айында ашылған. Оқиғаға қатысты комиссия құрылды», - делінген ресми ақпаратта.