Украина Президенті НАТО-дан тағы көмек сұрады

Украина Президенті НАТО-дан тағы көмек сұрады

Украина Президенті НАТО-дан тағы көмек сұрады
ашық дереккөзі
Владимир Зеленский 24 наурызда НАТО саммитіне қатысушыларға үндеу жолдады. Ол үндеуінде ұйымнан Украинаға тағы да жан-жақты әскери қолдау білдіруін сұрады деп хабарлады turkystan.kz. Украина мен Ресей арасындағы соғысқа бір ай толғанын атап өткен Зеленский Солтүстік Альянсты қазіргіден де көбірек қару-жарақпен қамтамасыз етуге шақырды. Сонымен қатар Ресейдің соғыста Украинамен ғана шектеліп қалмайтынын еске салды.
«Украина әскері Ресеймен тең болмаса да бір айдан бері соғысып келеді. Біздің халқымыз бен қалаларымызды қорғау үшін Украинға жан-жақты әскери көмек қажет. Ешқандай шектеусіз. Өйткені Ресей қолында бар барлық қаруын қолданып жатыр», – деді Украина Президенті.