Сотталушы соткасын протез аяғына жасырмақ болды

Сотталушы соткасын протез аяғына жасырмақ болды

Сотталушы соткасын протез аяғына жасырмақ болды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда сотталған адам телефонды протез аяғына жасырып өтпек болды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Мекеме қызметкерлері жеке тінту кезінде жазықты адамның оң жақ протез аяғынан дәкеге оралған екі смартфонды тапқан. Ол бұған дейін де телефонды мекеме аумағына апаруға тырысқан. Күртешенің ішкі қалтасына жасырған заты табылған сәтте телефонның экранын сындырып, батареяға ұрған.
– Мекеме аумағына тыйым салынған заттарды қулықпен және тапқырлықпен кіргізу тәсілдері таңқалдырады. Алайда ЕЦ-166/10 мекемесі қызметкерлерінің қырағылығының, металл іздегіштермен, бейнетіркегіштермен және рентген телевизиялық аппараттармен жарақтандырылуының нәтижесінде сотталғандар пайдалануға тыйым салынған заттарды алып өте алмайды, – деді мекеме бастығының режим және жедел жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрсұлтан Айтбеков.
Тағы оқи отырыңыз: Мәскеу соты Навальныйды 9 жылға бас бостандығынан айырды