Жаңалықтар

Ресей азаматы үш баланы қағып кетті

ашық дереккөзі

Ресей азаматы үш баланы қағып кетті

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында Ресей азаматы көлікпен үш баланы қағып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Instagram-дағы Osa_news_vko парақшасына сілтеме жасап. Ол Nissan көлігімен дүкеннен шығып, тротуармен кетіп бара жатқан балаларды соғып кеткен. Абырой болғанда, 4, 9 және 15 жастағы балалар қатты жарақат алмаған. Осы оқиғаға байланысты сот болып, Ресей азаматының кінәлі екені дәлелденді. Соттың шешімімен оған кепілдікке 300 мың теңге айыппұл салынды. Зардап шеккен балалардың ата-аналары соттың шешімімен келіспейтіндерін, өйткені, кінәлі шетелдік азамат елден қашып кетуі мүмкін екенін айтып жатыр. Прокуратура да оны қамауға алу керек еді деп отыр.