Қазақстанда ғимарат ішінде маска тағу міндеті алынып тасталды

Қазақстанда ғимарат ішінде маска тағу міндеті алынып тасталды

Қазақстанда ғимарат ішінде маска тағу міндеті алынып тасталды
ашық дереккөзі
Елдегі эпидемиология жағдайының тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия бірқатар шешім қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия мынадай шешімдер қабылдады: үй-жайларда міндетті маска тағу талабын алып тастау; медицина мекемелерінде (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) медицина маскасын тағу міндетін өз күшінде қалдыру; адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда маска тағуды ұсыныс сипатында қалдыру; білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне рұқсат беру. Сонымен қатар ВАК шешімімен Pfizer препаратымен вакцинациялауға жататын тұлғалар контингенті кеңейтіледі. Ол мынадай санаттармен толықтырылады: ️ бастапқы вакцинациялаудан өтетін, осы препаратпен профилактикалық егуді алғысы келетін адамдар; ️ түрлі себептермен шетелге шығу үшін қайталама екпе алушылар; ️ шетелде алған вакцинация курсын аяқтау үшін екпе алушы тұлғалар; ️ COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация алушы барлық топтағы адамдар. Отырыс соңында Е.Тоғжанов қолайлы эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі - азаматтарды уақтылы иммундау және ревакцинациялау екенін айтты. Ол әкімдіктерге коронавирус инфекциясына қарсы егу науқанын ерекше бақылауға алуды тапсырды және халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екенін мәлімдеді.