«Агрессия символы»: Z әрпі фашистік белгі ретінде бекітілмекші

«Агрессия символы»: Z әрпі фашистік белгі ретінде бекітілмекші

«Агрессия символы»: Z әрпі фашистік белгі ретінде бекітілмекші
ашық дереккөзі
Литва Сеймінің мүшелері әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте Z символы мен Георгий лентасын фашистік және коммунистік белгі деп мәлімдеді деп жазды turkystan.kz. Литвалық Delfi.lt сайтының хабарлауынша, бұл белгілерді таратып, оларды жиналыстарда және басқа да бұқаралық іс-шараларда немесе демонстрацияның кез келген басқа түрлерінде пайдаланғаны үшін 300-ден 500 еуроға дейін айыппұл салынады. Литва Сеймінің мүшелерінің айтуынша, бұл белгілер агрессия символына айналған.
«Үгіт-насихатқа ұшыраған ресейліктер көліктеріне Z суретін салып алады. Бұл белгі ресейлік спортшылардың киімдерінде пайда болды. Тіпті, Владимир Путиннің үгіт-насихаттарын қолдамайтын адамдардың есіктерінде де салынған. Z әрпі Белградтағы ресейшіл демонстрация кезінде де қолданылған. Ал Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан кейін бұл белгі Литвада қабырғаларға сызыла бастады. Тұрғындарды мұндай белгілермен қорқытуға болмайды. Сол арқылы түрлі арандатушылықтарға жол берілуде», - деді литвалық депутат Моника Ошмянскене.