Қазақстан 33 елдің вакцинация паспортын мойындады

Қазақстан 33 елдің вакцинация паспортын мойындады

Қазақстан 33 елдің вакцинация паспортын мойындады
ашық дереккөзі
Қазақстанда 33 елдің вакцинация паспорты мойындалды. Бұл туралы республиканың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған деп хабарлады turkystan.kz tengritravel.kz-ке сілтеме жасап. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері «Қазақстан Республикасында Сovid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация туралы паспорттарды / сертификаттарды / анықтамаларды тану туралы» қаулыға түзетулер енгізді.
«Аргентина Республикасында, Белизде, Боливия мемлекетінде, Бразилия Федеративтік Республикасында, Ұлыбританияда, Венгрияда, Грузияда, Индонезия Республикасында, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Испания Корольдігінде, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Монғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында, Өзбекстан Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік республикасында, Эквадор Республикасында, Эстония Республикасында және Жапонияда берілген азаматтардың КВИ-ға қарсы вакцинациялау туралы паспорттары / сертификаттары / анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», - делінген құжатта.