Тәуелсіздік сарайының төбесінде жұлым-жұлым Ту желбіреп тұр

Тәуелсіздік сарайының төбесінде жұлым-жұлым Ту желбіреп тұр

Тәуелсіздік сарайының төбесінде жұлым-жұлым Ту желбіреп тұр
ашық дереккөзі
Елордада мемлекеттік іс-шаралар мен форумдар жиі өтетін Тәуелсіздік сарайының төбесіндегі Тудың жұлым-жұлымы шыққан деп жазды turkystan.kz. Жыртылған тудың фотосын елордалық журналист Бердібек Хабай Facebook-тегі парақшасына жариялады.
«Әрине, тәуелсіз ел болған жақсы ғой. Кеудемізді жоғары ұстап, өр кейіпте жүреміз. Бірақ ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫНЫҢ төбесіндегі байрағымның жұлым-жұлым болып тұрғаны жүрегімді сыздатып жіберді» деп жазды ол.
Көк Тудың аянышты халін көріп, дереу жазба авторына қоңырау шалдық. Ол фотосуретті осыдан 15 минут бұрын түсіргенін айтты.
«Тәуелсіздік сарайына жұлым-жұлымы шыққан Туды іліп қоюға бола ма екен?! Ұят қой! Ауа райының қолайсыздығынан, желден жыртылды дейін десем, дәл сол жерде орналасқан елшіліктердің туы желбіреп-ақ тұр», - дейді журналист.
Тағы оқи отырыңыз: Еліміздегі айналдырған 17 әкімнің 80 орынбасары бар