«Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай белгісіз снаряд ұшырды» – БАҚ

«Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай белгісіз снаряд ұшырды» – БАҚ

«Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай белгісіз снаряд ұшырды» – БАҚ
ашық дереккөзі
Оңтүстік Корея мен Жапонияның әскерилері Солтүстік Кореяның Жапон теңізіне қарай белгісіз снаряд ұшырғанын хабарлады деп жазды turkystan.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің мәліметінше, Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтары Солтүстік Кореядан белгісіз снаряд ұшырылғанын анықтаған. Жапон Үкіметі де бұл ақпаратты растап, оның баллистикалық зымыран болуы мүмкін екенін айтқан. Жапония жағалау күзеті кемелерді зымыран суға құласа, оған жақындамай, сақ болуға шақырды. Оңтүстік Корея әскерилері, бұл биылғы жылдың басынан бері КХДР снарядының 11-інші ұшырылымы екенін атап өтті. Бұған қоса, АҚШ пен Оңтүстік Корея КХДР БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын бұзып, 2017 жылдан бері алғаш рет толық қашықтыққа ұшатын құрлықаралық баллистикалық зымыранды (ICBM) ұшыруға дайындалуы мүмкін екенін ескертті.